2015 жылғы 30 маусым, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
Қоса беріліп отырған:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 9969 болып тіркелді);
2) «Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 9970 болып тіркелді).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 26 маусым
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы №471 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленеді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілер) – тауар биржасы саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
тәуекел – тауар биржалары саласындағы қызмет нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу және өткізу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
3. Объективті критерийлер бойынша барлық бақылау субъектілері (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
4. Субъективті критерийлер мынадай ақпараттық көздер негізінде айқындалады:
1) мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, тексерілетін субъект ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) алдыңғы тексеру нәтижелері (бұзушылықтар ауырлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;
4) тауар биржаларының электрондық сауда жүйелерін талдау;
5. Осы Критерийлердің 4-тармағында айқындалған ақпараттық көздер негізінде осы Критерийлерге қосымшада жазылған субъективті критерийлер айқындалады.
6. Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.
Бір өрескел дәреженің орындалмаған бір талабы 100 көрсеткішке теңестіріледі.
Егер өрескел дәреже талаптары (индикаторлары) анықталмаған жағдайда онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәреже талаптарының (индикаторларының) жиынтық көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәреже бұзушылықтарының көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРе = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұнда:
ΣРе – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – елеулі дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Болмашы дәреже бұзушылықтарының көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРб = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұнда:
ΣРб – болмашы дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеруге (талдауға) ұсынған болмашы дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – болмашы дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша көрсеткіштерді қосу арқылы айқындалады:
ΣР = ΣРе + ΣРб
мұнда:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРе – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣРб – болмашы дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:
1) тәуекел дережесі 60-тан 100-ге дейін көрсеткіш кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілетін жоғары тәуекел дәрежесіне;
2) тәуекел дережесі 0-ден 60-қа дейін көрсеткіш кезінде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер мен өзге бақылау нысандары жүргізілетін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) жатады.
7. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау нысандары қолданылады.
9. Болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау нысандары қолданылады.
10. Жоғары тәуекел дәрежесінің тексерілетін субъектілеріне (объектілеріне) қатысты іріктеп тексерулер жылына бір реттен көп емес өткізіледі
11. Іріктеп тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі және бақылаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
12. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлері бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерге қосымша
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
сақтауда тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
Субъективті критерийлер Бұзушылық дәрежесі
1. Мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, тексерілетін субъект ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері
1.1 Жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептілікті ұсынбау Өрескел
1.2 Жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептіліктің толық нысанын ұсынбау Елеулі
1.3 Жүргізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсандық есептілікті ұсыну мерзімін бұзу (есептілікті ұсынудың соңғы мерзімінен кейінгі күнтізбелік 30 күн ішінде есеп ұсыну) Болмашы
1.4 Есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік беру және сақтандыру қорларының мөлшері туралы есепті оған тауар биржасының банк шотындағы қаражат қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып ай сайынғы есепті ұсынбау Өрескел
1.5 Есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік беру және сақтандыру қорларының мөлшері туралы есепті оған тауар биржасының банк шотындағы қаражат қалдықтарын растайтын банктік көшірмені қоса отырып ай сайынғы есепті ұсыну мерзімін бұзу (есептілікті ұсынудың соңғы мерзімінен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде есепті ұсыну) Болмашы
1.6 Тауар биржаларының күнделікті электрондық нысандағы есептілігін ұсынбау (тоқсанның 50% күнінен артық есептілікті ұсынбау) Елеулі
2. Алдыңғы тексеру нәтижелері
(ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
2.1 «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы Өрескел
2.2 Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшелердің болуы Болмашы
2.3 «Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы Қағидаларының болуы Елеулі
2.4 Басшылық лауазымын атқаратын тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары білімінің; тауар биржалары саласында және/ (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; Басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуы Болмашы
2.5 Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің болуы Болмашы
2.6 Клирингтік орталығының не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шартының болуы Елеулі
2.7 Кемінде жеті биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының болуы Елеулі
2.8 Тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтар өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болуы Елеулі
2.9 Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы Болмашы
2.10 Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы Елеулі
2.11 Кепілдік беру және сақтандыру қорларының болуы Елеулі
2.12 Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талаптарды сақтау Өрескел
2.13 Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтау Елеулі
2.14 Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және оның есебінен жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтау Елеулі
2.15 Биржалық тауарларға күн сайынғы түзетулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндетті тауар биржасының орындауы Елеулі
2.16 Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында әзірленген ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы Болмашы
3. Шағымдар мен өтініштердің болуы және саны
3.1 Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан 3 және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы Елеулі
3.2 Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан 1-2 расталған шағымдар мен өтініштердің болуы Болмашы
4. Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесін талдау
4.1 «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен белгіленген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауы Өрескел
4.2 Тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болмауы Елеулі
4.3 Әр сауда күнінің қорытындылары бойынша биржалық сауда-саттық нәтижелері туралы ақпараттың тауар биржасының интернет-ресурсында жарияланбауы (тоқсанның 50% астам күнінде биржалық сауда нәтижелерінің жарияланбауы) Елеулі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы №471 бұйрығына 2-қосымша
Тексеру парағы
_____________________________________________________________________________________ саласында
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына қосымшаға сәйкес)
_____________________________________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Орналасу орны __________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
№ Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiнің жалпы талаптарына жауап беретін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10259 болып тіркелген «Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилердердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығын (бұдан әрі – Бұйрық) 1-тармағына сәйкес)
2. Тауар биржасында құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшелердің болуы (Бұйрығының 2-тармағына сәйкес)
3. «Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы Қағидаларының болуы (Бұйрығының 3-тармағына сәйкес)
4. Басшылық лауазымын атқаратын тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары білімінің;
тауар биржалары саласында және/ (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
Басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуы (Бұйрығының 4-тармағына сәйкес)
5. Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің болуы (Бұйрығының 5-тармағына сәйкес)
6. Клирингтік орталығының не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шартының болуы (Бұйрығының 6-тармағына сәйкес)
7. Кемінде жеті биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының болуы (Бұйрығының 7-тармағына сәйкес)
8. Тауар биржасы туралы және онымен сауда-саттықтар өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсының болуы (Бұйрығының 8-тармағына сәйкес)
9. Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдер төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы (Бұйрығының 9-тармағына сәйкес)
10. Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес)
11. Кепілдік беру және сақтандыру қорларының болуы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 16-1-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығымен бекітілген, кепілді және сақтандыру қорларының мөлшерін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес)
12. Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес)
13. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес)
14. Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және оның есебінен жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтау («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес)
15. Биржалық тауарларға күн сайынғы түзетулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндетті тауар биржасының орындауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағына сәйкес)
16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында әзірленген ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 11-бабына сәйкес)
Лауазымдық тұлға (тұлғалар):
_______________ _________ ___________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса)
_______________ _________ ___________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі:
______________________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты-жөні (егер болса), лауазымы) (қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11807 болып енгізілді.